Askar Kunajew’s biography, net worth, fact, career, awards and life story

Intro Russisch wetenschapper (1929-1999)
Was Scientist 
Politician 
From Kazakhstan 
Russia 
Type Science 
Politics 
Gender male
Birth 14 July 1929, Almaty
Death 31 March 1999, Almaty
(aged 69 years)
Politics Communist Party of the Soviet Union

Асқар Меңдіахметұлы Қонаев (14.7.1929 жыл, Алматы қаласы – 31.3.1999 жыл, Алматы) – ғалым-металлург, техника ғылымдарының докторы (1970), профессор (1972), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1981), Қаз КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1976).

Өмірбаяны

  • Мәскеу болат және қорытпалар институтын бітірген (1951).
  • 1951 – 53 жылдары Теміртау металлургия зауытында болат қорытушы
  • 1953 – 88 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Металлургия және кен байыту институтында ғылыми қызметкер, институт директоры (1970 – 72)
  • 1972 – 74 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының вице-президенті
  • 1974 – 86 жылдары президенті
  • 1996 – 99 жылдары Қазақстан Ғылым Акадкмиясының Металлургия және кен байыту институтының құрметті директоры болды.

Ғылыми еңбектері

  • Негізгі ғылыми еңбектері кен өңдеудің физика-химия кешенді технологиясын дамытуға арналған.
  • кремнийге бай сирек кездесетін металл кендері мен фосфориттердің тотығуын және қалпына келуінің жаңа заңдылықтарын тапты;
  • қорғасын өндірісі қалдықтарын электротермиялық жолмен қайта өңдеу әдісін металлургия өнеркәсібіне енгізді (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 1972);
  • басқа ғалымдармен бірлесіп, мыс, қорғасын және мырыш алудың КИВЦЭТ-тік технологиясын жасады (КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1978);
  • қатарынан фосфор мен кешенді легирлеуші қорытпалар алудың жаңа технологиясын жасады (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 1982);
  • өнеркәсіптік көлемде фосфорлы темір кенін өңдеу технологиясын жасап өндіріске енгізді (КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1984).

Жетістіктері

  • 9 – 10-сайлауда КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.

Марапаттары

  • Ленин
  • Октябрь Революциясы
  • Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

You May Also Like